Полиция департаментінде ККО-ның екінші отырысы өтті

Полиция департаментінде ККО-ның екінші отырысы өтті

                                                                            Полиция департаментінде ККО-ның екінші отырысы өтті


31 мамырда полиция генерал-майоры Ерлан Омарбековтің қатысуымен Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті, оған ПД бастығының орынбасары Унарбеков Ренат пен ККО төрағасы Қуат Рахимбердин, Коротин Сергей Викторович, ККО мүшесі Үдербаев Нұрлыбек Ғалиұлы, Сизова Ольга Юрьевна және Солдатов Сергей Федорович қатысты.
Айта кетейік, консультативтік-кеңесші орган Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, полиция қызметінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаты бойынша жұртшылықтың облыс Полиция департаментімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.


Іс-шара саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған үнсіздікпен басталды.


ПД бастығы Ерлан Болатұлы өзін таныстырып, сөз сөйледі, оның барысында ККО мүшелеріне белсенді азаматтық ұстанымдары мен ішкі істер органдарының қызметіне көңіл бөлгендері үшін алғысын білдірді.
Отырыста тәртіп сақшылары облыс орталығының Үлбі бөлігінде қоғамдық тәртіпті және жедел-қызметтік жұмысты қамтамасыз ету бойынша 2023 жылдың 4 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Осы тақырыпта Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөлімінің бастығы Рауан Шибутов баяндама жасады.


Сондай-ақ, ККО-ның жаңа мүшелеріне куәліктер табыс етіліп, ағымдағы жылға арналған міндеттер айқындалды.


"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында бүгінде полиция азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қоғаммен диалогқа сақадай-сай. ККО - ның басым міндеттерінің бірі - полицияның беделі мен қызметінің мағыздылығын нығайту, азаматтар мен полиция арасындағы өзара іс-қимылды арттыру, - деп түйіндеді полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.

                                                                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі