
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшы құрамымен «Мобильді академия» жобасы аясында өткізілетін оқу курсының бағдарламасына сәйкес, Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының құқық қорғау қызметін басқару кафедрасының профессоры полиция полковнигі Н.И. Ибраимова проблемалық оқыту әдісін қолдана отырып тренингтер өткізді. Бұл мотод командада жұмыс істей білу, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі тәрбиелеу қабілеті, полиция қызметкерлеріне халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшуге байланысты қажет болатын әртүрлі көздер мен базалардан ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу және талдауды жүзеге асыру дағдылары сияқты құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры полиция полконигі М. Б. Токсанова дайындаған «Мемлекеттік қызмет саласындағы жобалық менеджмент» кейсі қызу қызығушылық тудырды.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылдарға дейінгі тұжырымдамасының негізгі сәттеріне сүйене отырып, жаттықтырушы тыңдаушылардың назарына құжатта мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында жобалық тәсілді енгізу және жобалық менеджмент мәселелерін регламенттеу міндеті қойылғанын атап өтті.
Сабақ барысында ішкі істер органдары жүйесінде жобаларды іске асыру тәжірибесі зерделенді, талдау жүргізілді, оларды масштабтау процесінде практикаға қолдану бағаланды.
Тыңдаушыларға ІІО қызметінің проблемалық мәселелері бойынша жобалар әзірлеу тапсырылды.