ШҚО ПД бастығы ІІО ардагерімен кездесті

ШҚО ПД бастығы ІІО ардагерімен кездесті

                                                                          ШҚО ПД бастығы ІІО ардагерімен кездесті


Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков ішкі істер органдарының ардагері генерал-майор Аманжолов Майдан Молдақашұлымен кездесті.


1993 жылы генерал шенін алған генерал Аманжоловтың өмірі көпшілікке үлгі бола алады. Мансабын Семей қаласының ІІБ (қазіргі Семей қ.) учаскелік полиция қызметкері лауазымынан бастап, Майдан Молдақашұлы Маңғыстау облысының жаңадан құрылған ІІБ бастығы лауазымына дейін қызмет атқарды, кейін Шығыс Қазақстан ІІБ-ні басқарды. 90-шы жылдары еліміз үшін қиын жағдай болған - КСРО-ның құлдырауы, қоғамдық -экономикалық формацияның өзгеруі және соның салдарынан экономикамызда дағдарыстың болуы қылмыстың өршуіне себеп болды. Осы қиын кезеңде егемен Қазақстанның ішкі істер органдары криминал толқынымен табысты күресуге негізінен генерал-майор Аманжолов сияқты басшылардың арқасында қол жеткізді.


Қызмет еткен жылдары Майдан Молдақашұлы КСРО және ҚР 16 медалімен марапатталған, сондай-ақ КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері және ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері болып табылады.


Облыстық ПД бастығы Ерлан Омарбеков ішкі істер органдарының ардагеріне зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі, сондай-ақ жас қызметкерлерге тәлімгер ретінде атқарған қызметі мен жұмысы үшін алғыс білдірді.

                                                                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі