
ШҚО Жас жол қозғалысы инспекторлар отряды Минскіден жеңімпаз кубогымен оралды
Шығыс Қазақстан командасы Жас жол қозғалысы отрядының 50 республикалық слетінде бірінші орынды иеленді.
23-27 мамыр аралығында Минскіде өткен мерейтойлық слет-конкурсқа облыстық және Минск қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары атанған командалар, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Қазақстан командалары құрамында 10-17 жас аралығындағы 68 бала қатысты.
Аталған конкурста Қазақстан Республикасын 2022 жылғы ЖЖҚИ республикалық слетінің жеңімпаздары - Өскемен қаласынан келген жас инспекторлар жасағы ұсынған.
Слет-конкурс аясында балалар оқу бағдарламасына қатысып, жол жүрісі қағидаларын білулеріне теориялық емтихан тапсырған, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету дағдыларын, нақты жол қозғалысына ұқсас жағдайларда велосипед жүргізумен қатар, "Жолда" сюжеттік-рөлдік ойынында өздерін көрсетіп, қазылар алқасының сотына өздерінің шығармашылық таланттарын ұсынған.
Мерекенің соңы жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталды.
Жалпы есептік қорытынды бойынша "Aq jol" балалар-жасөспірімдер клубында оқитын Өскемен қаласының жас жол инпекторлары бірінші жүлделі орынға ие болды.
Жеңімпаздар үйге сыйлықтармен, медальдармен, грамоталармен және жеңімпаз кубогымен оралды.
-"Мұндай халықаралық жарыс балалардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлық туралы білімдерін тексеріп қана қоймай, бір іске қызығушылық танытатын балаларды біріктіруге, достасуға мүмкіндік берді. Өз білімін іс жүзінде көрсете отырып, құрдастарына деген жолда жауапкершілікті алу жүктеледі. Мұның бәрі ішкі істер органдарының қызметкерлеріне көп көмек береді. Тағы да барлығыңызды жеңіспен құттықтаймын!",- деп атап өтті ШҚО ПД ЖПҚБ бастығы Талғат Нүриев .
Жас жол қозғалысы инспекторлары отрядтарының қызметі еліміздің әр түкпірінен келген талантты ұлдар мен қыздарды біріктіріп келеді, олардың үлгі көрсетуі жолдардағы балалардың өмірін сақтауға көмектеседі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі