
ШҚО полицейлері облыс прокуратурасымен өзара іс-қимыл жасауда мал ұрлаумен айналысқан азаматты ұстады
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының аумағында ұзақ уақыт мал ұрлаумен айналысқан жергілікті тұрғынды құрықтады.
Жүргізу барысында осы азаматтың Ұлан ауданының аумағында 2023 жылы жасаған мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы бар екені анықталды.
Ұрланған малдың жалпы саны 33 бірлікті құрайды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерінің қабылдаған шаралар нәтижесінде ұрланған мал Алматы облысындағы мал базарларының бірінен алынып, жәбірленушіге қайтарылды. Материалдық залал толығымен өтелді.
Күдікті ұсталып ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Ұлан ауданы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі