
ШҚО полицейлері есірткі ораушы-курьерді ұстады
Өскеменде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері облыс прокуратурасымен іс-қимыл жасасуда тыйым салынған заттарды байланыссыз тәсілді қолданумен таратқан 26 жастағы елорда тұрғынын ұстаған, ол "тауарды" танымал мессенджерлердің бірінде интернет-дүкен арқылы сатқан.
Полицейлер ер адамның аймақтық курьер және есірткі қоймасының ораушысы қызметін атқарғанын анықтады. Күдікті аса ірі көлемдегі есірткі заттарын алып, оларды орап, жасырын жерлерге қойып отырған.
Тінту іс- шараларын жүргізу барысында оның жалдамалы пәтерінде жалпы салмағы 500 грамнан асатын психотроптық заттар табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1,3,5-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ШҚО ПД баспасөз қызметі