ШҚО-да 29 конструктор – автокөліктер заңдастырылды

ШҚО-да 29 конструктор – автокөліктер заңдастырылды

                                                                           ШҚО-да 29 конструктор – автокөліктер заңдастырылды

22 мамырда Қазақстанда конструктор - автокөліктерді заңдастыру басталды.

Үш күн ішінде ШҚО ПД процессингтік орталығына 226 автокөлік иесі конструктор - автокөліктерді заңдастыруға өтінімдермен жүгінген, оның ішінде 29 көлік иесі өз көлік құралдарын сәтті заңдастырды.

Осындай үлгідегі автокөлікті алғашқылардың бірі болып заңдастырған Самар ауданың тұрғыны Хайруллин Рафхат Рашатұлы.

"Мен барлық қажетті құжаттарды жинап, заңдастыруға өтініш бердім, өтінішім мақұлданды. Кейін мені криминалистің барлық қажетті процедураларынан өту үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жіберді. Екінші кезеңнен өткеннен кейін күту залында 10 минут болдым, маған заңдастырылған көлігімнің нөмірлері мен техникалық паспорт берілді", - деп бөлісті Рафхат Хайруллин.

Акция басталғаннан бастап Шығыс Қазақстанда шетелдік нөмірлері бар 3 мыңға жуық автокөлік заңдастырылды.
Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

                                                                                                                                  ШҚО ПД баспасөз қызметі