"Мотоцикл" ЖПІШ: Күршім ауданында ЖЖҚ бойынша 20 бұзушылық анықталды

"Мотоцикл" ЖПІШ: Күршім ауданында ЖЖҚ бойынша 20 бұзушылық анықталды

                                                                         "Мотоцикл" ЖПІШ: Күршім ауданында ЖЖҚ бойынша 20 бұзушылық анықталды

19-21 мамыр аралығында Күршім ауданының аумағында "Мотоцикл" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

ЖПІШ мақсаты жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ басқа да жол жүрісі қағидасын бұзушылықтар, сонымен қатар түнгі уақытта мотоцикл жүргізушілерінің тыныштықты бұзуы болған.

Өткізілген үш күн ішінде тәртіп сақшылары 20-дан астам ҚР ЖЖҚ-ның бұзушылықтарын, оның ішінде Маралды ауылында алкогольдік масаң күйде мотоциклді басқарудың бір фактісін анықтаған.

Жоғарыда аталған ауылға бара жатқан полицейлер көлік жүргізу қағидаларын бұзған мотоциклшіні байқаған. Тәртіп сақшылары тарапынан көлік құралын тоқтату туралы бірнеше рет ескертулеріне жүргізуші тек қозғалыс жылдамдығын арттырған. Нәтижесінде, 49 жастағы ауыл тұрғыны жол-көлік оқиғасын жасап, дене жарақатын алып, амбулаториялық пунктіге жеткізілген.

Медициналық куәландыру алкогольдік масаң күйде болғанын көрсеткен.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

                                                                                                                                  ШҚО ПД баспасөз қызметі