
Lexus көлігі жалған нөмірлерімен Өскемен көшелерінде жүрген
Сонымен қатар жүргізуші 3 миллион теңгеге жуық жол жүрісі қағидасын бұзған.
19 мамырда "Буран - 23" экипажы "Қорғау-Сергек" АБК базасы бойынша тексеру кезінде "Қауіпті жүргізуші" қосымшасы бойынша Lexus маркалы автомашинаны байқаған, ол жол жүрісі қағидасын бірнеше рет бұза отырып, Сәтпаев даңғылында жоғары жылдамдықпен жүрген.
Сонымен қатар полицейлер аталған көлікте жалпы сомасы 2 млн 287 мың теңгеге 46 айыппұл салынғанын анықтады.
Сол күні тәртіп сақшылары ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен КШТ ауданындағы үйлердің бірінің ауласында мемлекеттік нөмірлері алынған автокөлікті тапқан.
Тексеру барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қаланың 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру кезінде азаматтың жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлік құралын басқарғаны анықталды.
Жүргізуші ҚР ӘҚБтК –нің 590-бабының 2, 3 және 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта материал сотқа жолданды.
Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі