ШҚО полициясы оқушыларды балалар шығармашылығы байқауына қатысуға шақырады

ШҚО полициясы оқушыларды балалар шығармашылығы байқауына қатысуға шақырады

                                                                           ШҚО полициясы оқушыларды балалар шығармашылығы байқауына қатысуға шақырады

ШҚО Полиция департаменті Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Қазақстан полициясы балалардың көзімен" байқауын жариялайды.

Қатысуға 1-7 сынып оқушылары шақырылады. Байқау екі номинация бойынша өткізіледі: 1-4 сынып оқушылары арасында "Үздік сурет" және 5-7 сынып оқушылары қатыса алатын "Үздік эссе". Қатысу үшін өз жұмыстарын kzusupova774@gmail.com электрондық поштаға жолдау қажет немесе Өскемен қаласы Шәкәрім даңғылы, 1 мекенжайы бойынша ШҚО ПД-ға әкелу қажет.

Сурет салуға қолданылатын материалдарға шектеулер жоқ (қағаз, картон, кенеп, акварель, сия, түрлі-түсті қарындаштар, акрил, гуашь және т.б.). Қолмен жазылған мәтін түсінікті болуы қажет. Қатысушы шығармашылық жұмыстан басқа өзінің аты-жөнін, жасын, тұратын аймағын жолдау қажет.

Конкурстық жұмыстар 2023 жылғы 25 мамырға дейін қабылданады. Жеңімпаздар I, II немесе III дәрежелі дипломдармен марапатталады, ал үздік деп танылған туындылар БАҚ-та және ведомствоның әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

Осы ерекше күнді тойлауға бізге қосылыңыздар және шығармашылық қабілеттеріңізді көрсетіңіздер!