ШҚО-да "Назар аударыңыз-балалар!» ЖПІШ өткізілуде

ШҚО-да "Назар аударыңыз-балалар!» ЖПІШ өткізілуде

                                                                         ШҚО-да "Назар аударыңыз-балалар!» ЖПІШ өткізілуде

Ағымдағы жылдың 15-31 мамыр аралығында өңірде " Назар аударыңыз-балалар!" атты кең ауқымды республикалық жедел-профилактикалық іс шара өткізіліп жатыр.

Оның негізгі мақсаты балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ балалардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіз мінез-құлықпен байланысты дағдыларын қалыптастыру.

Ол үшін жергілікті полиция қызметкерлері әртүрлі жастағы балаларға Полиция департаментіне экскурсия ұйымдастырды. Мұнда қызметтік көліктердің қалай жұмыс істейтінін көрсетіп, жасөспірімдерді жергілікті полиция мұражайымен таныстырды.

ЖПІШ аясында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын ЖКО-ның алдын алу мақсатында жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен олардың ата-аналары арасында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тәртіп сақшылары ата-аналарға балаларына жол жүрісі қауіпсіздігі қағидалары туралы айтып, оларды сақтауға шақыруды ұсынады.

 

                                                                                                                                      ШҚО ПД баспасөз қызметі