ШҚО Полиция департаменті "Арлан" арнайы бөлімшесінің құрылғанына 25 жыл толуын атап өтті

ШҚО Полиция департаменті "Арлан" арнайы бөлімшесінің құрылғанына 25 жыл толуын атап өтті

ШҚО Полиция департаменті "Арлан" арнайы бөлімшесінің құрылғанына 25 жыл толуын атап өтті

ШҚО Полиция департаменті «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің құрылғанына 25 жыл толуын оқу- жаттығу орталығының алаңында салтанатты түрде атап өтті.


Осы жылдар ішінде арнайы жасақ қызметі қалыптасу және даму жолынан өтті және бүгінгі күні ол жедел міндеттерді табысты жүзеге асырудың маңызды құрамдастарының бірі болып табылады.
Құрылған күннен бастап "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлері облыс аумағындағы жедел жағдайды сауықтыруға баға жетпес оң үлес қосуда.


Сондай-ақ, «Арлан» бөлімшісінің инспекторлары республикалық деңгейде ғана емес, халықаралық деңгейдегі спорттық турнирлерде полицияның намысын үнемі қорғап келеді.


Жеке құрамды құттықтай отырып, Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков ардагерлер мен қызметкерлерге қызметі үшін алғыс білдіріп, бұл бөлімше ең күрделі міндеттерді шешуде сенімді тірек болып табылатынын атап өтті.


Департамент бастығының бұйрығымен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі, құқық қорғаудағы ерекше еңбегі, сондай-ақ үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін бірқатар шығысқазақстандық қызметкерлер марапатталды.


«Қазақстан полициясының ұлы 30 жыл» мерейтойлық медалімен ІІО ардагері Серік Жұмағалиев марапатталды.


Мереке құрметіне ерекше көзге түскен қызметкерлер мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды.


Мереке құрметіне ерекше көзге түскен қызметкерлер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.


Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.

 

                                                                                                                                 ШҚО ПД баспасөз қызметі