
"Қауіпсіз болашаққа қосқан үлесі": ҚР ІІМ ӘПК және Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ меморандумға қол қойды
Құжат университет түлектерін даярлауға және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған тараптардың бірлескен қызметінің басым бағыттарын көрсетеді.
Ынтымақтастық туралы меморандумға ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы полиция полковнигі Қайсар Сұлтанбаев пен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің проректоры Наталья Денисова қол қойды.
Құжатқа сәйкес тараптар өзара мүддені білдіретін ғылыми және білім беру саласында ынтымақтасуға, сондай-ақ аумақтық полиция департаменттерінің жол және техникалық инспекциясы бөлімшелеріне тасымалдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану сияқты мамандықтар бойынша ШҚТУ университетінің түлектерін жұмысқа орналастыруға одан әрі жәрдемдесуге ниетті.
Айта кету керек, екі тарап та ынтымақтастықты дамытуды қолдайды және жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша оқу процесін жетілдіруге, сондай-ақ ғылыми – әдістемелік қызмет саласындағы, оның ішінде бірлескен конференциялар, семинарлар, вебинарлар, тренингтер, конкурстар өткізудегі ынтымақтастыққа күш-жігер жұмсауға ниетті. Осының барлығы нәтижесінде Қазақстан полиция қатарына жоғары білікті мамандар алу үшін.
Соңында полиция полковнигі Қайсар Сұлтанбаев студенттерге болашақта құқық бұзушылықтардың алдын алуға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек көрсетуге дайын екендігі үшін алғыс білдірді.
Меморандум мерзімсіз уақыт кезеңіне жасалды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі