
Шығыс Қазақстан облысында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ басталды
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті 26-28 сәуір аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді.
Іс-шара құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, облыстың көшелерінде және басқа да қоғамдық орындарында тиісті құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында өтеді.
ЖПІШ аясында тәртіп сақшылары әкімшілік құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" қағидатын негізге алады.
ШҚО Полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараны өткізуге түсіністікпен қарауды және құқық бұзушылықтарды анықтауға жәрдем көрсетуді сұрайды.
Егер сіз қоғамдық орындарда қылмыс немесе құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша куә болсаңыз немесе басқа да маңызды ақпаратқа ие болсаңыз, кез келген жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласуыңызды немесе 102 жедел нөміріне немесе «102» мобильді қосымшасы арқылы қоңырау шалуыңызды сұраймыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі