Өскемен және Семей қалаларында жаяу жүргіншілердің қозғалуына 06 сәуірден бастап шектеулер қойыла бастайды.

Өскемен және Семей қалаларында жаяу жүргіншілердің қозғалуына 06 сәуірден бастап шектеулер қойыла бастайды.

Дүйсенбіден бастап азаматтардың қозғалысы қатаң түрде берілген рұқсат қағаздарына сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Ақ түсті рұқсат қағазымен азаматтар тақ санды күндері, ал жасыл түсті рұқсат қағазбен жұп санды күндері жүре алады. Бір пәтерге (жекеменшік үйге) бір рұқсат қағазы беріледі және отбасының бір мүшесіне дүкенге, дәріхана немесе банк бөлімшесіне баруға рұқсат етіледі.

Полиция қызметкерлерінің талап етуі бойынша азаматтар рұқсаттаманы жеке куәлігімен бірге көрсетуі қажет. Полиция қызметкері рұқсаттамаға тиісті белгі жасайды, сондай-ақ қызметтік планшетке мәліметтерді енгізеді. Егер азаматты сол күні басқа патруль тоқтатса, онда тәртіп сақшылары планшеттердің көмегімен рұқсаттамаға белгі қойылғанына көз жеткізеді.

Бұл ретте, ыңғайсыздық тудырмау үшін азаматтарға тұрғылықты жеріне жақын орналасқан азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға және банк бөлімшелеріне баруды ұсынамыз.

Азаматтардан коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша белгіленген шараларға түсіністікпен қарауды, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің уақытша шектеулерді сақтау жөніндегі талаптарын орындауларын сұраймыз. Төтенше жағдай кезеңінің талаптарын орындамай немесе құқық қорғау органдарының талаптарына бағынбаған жағдайда 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға дейін әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.