ШҚО полицейлерінің 2023 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша жұмыс нәтижелері

ШҚО полицейлерінің 2023 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша жұмыс нәтижелері

                                                                                 ШҚО полицейлерінің 2023 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша жұмыс нәтижелері

Қабылданған шаралар нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті 2023 жылдың 2 айында барлық бағыттар бойынша қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды 31,3% - ға (1276-дан 876-ға дейін) төмендетуге қол жеткізді.


Сонымен қатар, аса ауыр қылмыстар саны 33,3% – ға (39 – дан 26 – ға дейін), ауыр қылмыстар-35,4% - ға (246-дан 159-ға дейін), ауырлығы орташа қылмыстар-33,9% - ға (640-тан 423-ке дейін) және онша ауыр емес қылмыстар-26,3% - ға (224-тен 165-ке дейін), қару қолданумен жасалған қылмыстар (-66,7%, 3-тен 1-ге дейін), отбасылық-тұрмыстық салада (-61,1%, 18-ден 7-ге дейін), әйелдерге қатысты (-33,5%, 489-дан 325-ке дейін), қоғамдық орындарда (-36,6%, 262 - ден 166-ға дейін), көшелерде (-31,3%, 112-ден 77), мас күйде жасалған қылмыстар (-36,8%, 117-ден 74-ке дейін) төмендеді.


Сондай-ақ, қабылданып жатқан профилактикалық шаралардың нәтижесінде қылмыстың 11 түрі бойынша төмендетуге қол жеткізілді, атап айтқанда:
- кісі өлтіру (-25,0%, 12-ден 9-ға дейін)
- денсаулыққа ауыр зиян келтіру (-34,3%, 35-тен 23-ке дейін)
- зорлау (-28,6%, 7-ден 5-ке дейін)
- ұрлық (-51,8%, 456-дан 220-ға дейін)
оның ішінде: пәтер ұрлығы (-60,6%, 33-тен 13-ке дейін)
- мал ұрлығы (-83,3%, 12-ден 2-ге дейін)
- алаяқтық (-3,2%, 248-ден 240-қа дейін)
- тонау (-21,4%, 14-тен 11-ге дейін)
- қарақшылық шабуылдар (-100,0%, 1-ден 0-ге дейін)
- айдап әкету (-55,6%, 18-ден 8-ге дейін)
- бұзақылық (-73,5%, 34-тен 9-ға дейін) төмендеді.


Жол-көлік оқиғалары 16,9% - ға (65-тен 54-ке дейін), онда жараланғандар 5,8% - ға (86-дан 81-ге дейін) төмендеді және қаза тапқандар бойынша көрсеткіш өткен жылдың деңгейінде (5-тен 5-ке дейін). Есепке алынбаған ЖКО 14,0% - ға (457-ден 393-ке дейін) төмендеді.


Әкімшілік практика бойынша: 33 042 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 109 млн.864 мың 434 теңге немесе 70,8% сомаға айыппұл өндірілді (2022 жылы – 61,7 %, яғни 9, 1%-ға жоғары).


Криминалдық полиция желісі бойынша: қылмыстардың жалпы ашылуы 79,5% - құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,5% - ға жоғары (2022 ж. – 70%.). Сондай-ақ, қылмыстың ауыр түрлері (+5,4%, 74,7% - дан 80,1% - ға дейін), ауырлығы орташа қылмыстар (+11%, 60,1% - дан 71,1% - ға дейін), ауырлығы төмен қылмыстар (+9,5%, 73% - дан 82,5% - ға дейін) былтырғы көрсеткіштерден жоғары.


Қылмыстың 3 түрі, яғни: зорлау, пәтер ұрлығы және ұрлық бойынша ашу 100%.


Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың нәтижесінде Шығыс Қазақстан құқық қорғау органдары 24 есірткі қылмысын анықтап, заңсыз айналымнан 34 кг есірткі затын тәркіледі.
Полиция жұмысындағы негізгі басым бағыт азаматтардың қауіпсіздік деңгейінің көрсеткіші, халықтың полицияға деген сенімін арттыру, сервистік тәсілдерді енгізу және адам орталықтылығы болып қала береді.

 

                                                                                                                                  ШҚО ПД баспасөз қызметі