ШҚО ПД Кадр саясаты басқармасы өткен жылды қорытындылады

ШҚО ПД Кадр саясаты басқармасы өткен жылды қорытындылады

                                                                                   ШҚО ПД Кадр саясаты басқармасы өткен жылды қорытындылады

Полиция департаментінің мәжіліс залында ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ренат Унарбеков облыстың кадр бөлімшелерімен жедел кеңес өткізді. Іс-шараға ШҚО ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция полковнигі Мерхат Сағдолдаев, Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы полиция подполковнигі Досымбек Алтайбеков, округтік әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы Батила Молданова, сондай-ақ облыстың ПБ-ҚАПБ кадр саясаты жөніндегі орынбасарлары, Өскемен қаласы ПБ полиция бөлімдерінің орынбасарлары , кадр саясаты бойынша облыстың ПБ-Пб бірінші орынбасарлары, ОЖВ және ЖҚАЖ командирлерінің орынбасарлары, ПД патрульдік полиция батальонының командирі, Өскемен қ. ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің кадр саясаты жөніндегі орынбасары, Өскемен қ. ПБ кадр саясаты бөлімінің бастығы қатысты.


Кездесу отырысы барысында өткен жылдың жұмыс қорытындысы шығарылып, көрсеткіштер атап өтілді, облыстың кадр саясаты жұмысы бойынша мониторинг жүргізілді.


Сондай-ақ, кездесу барысында дербес бөлімдердің бастықтары мен ОӘДК төрағасының баяндамалары тыңдалды.


Іс-шара соңында 2023 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды және Ренат Унарбеков бағынысты қызметкерлерге нақты міндеттер қойды.

                                                                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі