ШҚО-да автокөлік жүргізушілері арасында борышкерлер анықталады

ШҚО-да автокөлік жүргізушілері арасында борышкерлер анықталады

                                                                                    ШҚО-да автокөлік жүргізушілері арасында борышкерлер анықталады


Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті 1-3 наурыз аралығында прокуратура қызметкерлері мен сот орындаушыларының қатысуымен «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді, оның мақсаты әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу болып табылады.


Іс-шара аясында облыс аумағында көлік ағынын бақылаудың автоматты жүйелерін, электронды планшеттерді және «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін пайдалана отырып, полиция қызметкерлері әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлерді, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамдарды, сондай-ақ жалған мемлекеттік нөмірмен көлік басқарушыларды анықтайтын болады.


Осыған байланысты, ШҚО ПД әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеу қажет екенін еске салады. Айта кетейік, ӘҚБтК-нің 810-бабына сәйкес азаматтар айыппұл сомасының 50% -ын әкімшілік хаттама толтырылған сәттен бастап 7 тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібінде төлеуге құқылы.

                                                                                                                                  ШҚО ПД баспасөз қызметі