"Қауіпсіз жол": ШҚО-да жаяу жүргіншілер жауапкершілікке тартылды

"Қауіпсіз жол": ШҚО-да жаяу жүргіншілер жауапкершілікке тартылды

                                                                                "Қауіпсіз жол": ШҚО-да жаяу жүргіншілер жауапкершілікке тартылды


Жол жарақатының алдын алу және жол қозғалысын қадағалау тиімділігін күшейту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті 20-24 ақпан аралығында "Қауіпсіз жол"жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.


Бес күн ішінде тәртіп сақшылары көлік құралдарын масаң күйде басқарған 38 жүргізушіні анықтады. 100 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген, 27-сі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.


Жедел профилактикалық іс-шараның қорытындысы бойынша 100-ден астам көлік құралын пайдалануға тыйым салынды, оның 44-ін полицейлер мамандандырылған тұраққа қойды, 70-тен астамынан мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері тәркіленіп алынды.


Сонымен қатар, полиция 948 жаяу жүргіншіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.


Жалпы, "Қауіпсіз жол" ЖПІШ кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында 3850-ден астам жол жүрісі қағидаларын бұзу анықталды.
Естеріңізге сала кетейік, ЖҚО-ның негізгі себептері көлікті масаң күйде басқару, жылдамдықты арттыру, маневр жасау ережелерін, қиылыстардан өту ережелерін бұзу, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жол беретін бұзушылықтар болып табылады.

 

                                                                                                                                ШҚО ПД баспасөз қызметі