
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасын талқылады
Ақпан айының басында 2023 жылы Полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның бірінші отырысы өтті. Онда ішкі істер органдары мен ККО жұмысының қорытындылары, сондай-ақ "Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы" жобасы талқыланды. Кеңеске қатысушылар азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелер бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ, қонақтар полиция қызметіндегі оң өзгерістерді атап өтті.
ШҚО ПД бастығы полиция полковнигі Серік Жүнісбеков кіріспе сөз сөйлеп, ШҚО ПД жанындағы консультативтік-кеңесші орган мүшелеріне белсенді азаматтық ұстанымдары мен ішкі істер органдарының қызметіне барынша көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді.
Отырыс барысында консультативтік-кеңесші органның құрамы мен 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар ККО-нің үш жаңа мүшесі:Коротин Сергей Викторович-Өскемен қаласының Құрметті азаматы, "Фирма НКГ" ЖШС және "OreolLTD" ЖШС директоры, Вологодская Галина Юрьевна - "Казахстанская правда" газетінің меншікті тілшісі және Полиция департаменті Штаб басқармасының бастығы- Қажымқанов Руфат Қажымқанұлы сайланды.
-"ККО басым міндеттерінің бірі полицияның беделін және қызметтің беделін нығайту, азаматтар мен полиция арасындағы өзара іс-қимылды арттыру. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында бүгінде полиция азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қоғаммен диалогқа әрқашан да дайын",-деді ШҚО ПД бастығы Серік Жүнісбеков.
Кеңес мүшелері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының негізгі бағыттарымен танысты. Бұл құжат мемлекеттік органдардың, полиция мен қоғамның өзара іс-қимылына негізделген. Тұжырымдама шеңберінде мемлекеттік органдар мен әкімдіктерді осы іске белсенді тарту, барлық мүдделі тараптармен және азаматтармен ынтымақтастық орнату, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша ашық жүйе құру жоспарлануда. Сонымен қатар, онда полиция жұмысын трансформациялау, қағаз жұмысынан қоғамның сұраныстарына бағдарланған модельге көшу жөніндегі шаралар бекітілетін болады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі