ШҚО тұрғыны шамамен 2,5 миллион теңге ұрлады деп күдіктелуде

ШҚО тұрғыны шамамен 2,5 миллион теңге ұрлады деп күдіктелуде

                                                                                  ШҚО тұрғыны шамамен 2,5 миллион теңге ұрлады деп күдіктелуде


Қаскөйге миллиондаған қаражат жеткіліксіз болып, ол фляктағы бал мен ас үй пышағын алып кеткен.


Ақсу ауылының 53 жастағы тұрғыны Катонқарағай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жүгінген. Ер адам белгісіз біреу есікті бұзып, оның үйіне кіріп, оның шкафта сақтаған шамамен 2 500 000 теңгесін ұрлап кеткенін хабарлаған. Ақшалай қаражаттан бөлек ұры үйден смартфонды, салмағы 40 кг бал құтысы мен ас үй пышағын алып шыққан.


Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстай алған . Ол бұрын сотталған ауданның 26 жастағы тұрғыны болып шыққан, оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды .


Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Кінәсін мойындаған жағдайда, қаскөйді екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

                                                                                                                                      ШҚО ПД баспасөз қызметі