
Өскеменде клиент таксистің банк картасын ұрлады деп күдіктелуде
Солжағалау полиция бөлімінің кезекші бөліміне 62 жастағы қала тұрғыны ұрлық туралы арызбен жүгінген.
Ер адам өзінің негізгі жұмысынан бөлек такси жүргізушісі болып жұмыс істейтінін және кезекті рет клиентті алып жүргенін, оның алдыңғы орындықтар ортасындағы қалташықта жатқан банк картасы жоғалып кеткенін байқаған.
Біраз уақыттан кейін жәбірленушіге оның ұрланған банк картасынан 220 000 теңге көлемінде ақша алынғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Тәртіп сақшылары арызды қабылдап ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі «ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Солжағалау ПБ криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жәбірленуші алып жүрген 34 жастағы күдікті ер адамды ұстаған. Қаскөй мойындау көрсетпесін берді.
Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жалғасуда. Күдіктіні бас бостандығын шектеу немесе бес жылға дейін бас бостандығын айыру жазасы күтіп тұр.
ШҚО ПД баспасөз қызметі