
ШҚО полицейлері несие берушілерге 6 млн теңге қарыз болған әйел адамды тапты
Өскемен қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысының бес жылдан астам уақыт бойы қазақстандық банктердің бірінің пайдасына 6 000 000 теңгеден астам берешегі бар 47 жастағы қарызды төлемеушіні іздестіруге жариялау туралы қаулысы келіп түскен.
Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері қарызын төлемеген адамның жүрген жерін анықтады. Іздестіруде жүрген адам телефон нөмірін , тұрғылықты мекенжайын ауыстырып, басқа қалаға көшкені белгілі болды. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылар айналысады.
Шығыс Қазақстан облысында 2022 жылы полицейлер 120-дан астам қарызды төлемеушілер мен алимент төлемеушілерді анықтағанын атап өткен жөн.
Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБтК 669-бабы) және қылмыстық жауаптылық (ҚР ҚК 139-бабы) көзделгенін ЕСКЕРТЕДІ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі