
Балық ШҚО-да полицейлердің қорғауында
ШҚО полицейлері заңсыз балық аулаған үш жігітті ұстаған.
Бірінші жағдайда ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Өскемен-Самар» тасжолының 25-ші шақырымында Самар ауданының 46 жастағы тұрғынының басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан, ол автокөліктің багажында жалпы салмағы 240 кг болатын 11 қап «Рипус» балығын тиісті құжаттарсыз тасымалдаған.
Бірнеше күннен кейін сол тасжолда тәртіп сақшылары 220 кг рипусты құжатсыз тасымалдаған 39 жастағы азаматтың басқаруындағы «Toyota» маркалы автокөлігін тоқтатқан.
Екі факті бойынша материалдардың көшірмелері ҚР ҚК-нің 389-бабы бойынша кінәлілерді жауапқа тарту үшін «Зайсан-Ертіс» РММ Бұқтырма балық инспекциясына облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына жолданды. Күдіктілердің іс-әрекетінен жалпы залал шамамен 2 856 000 теңге сомаға бағаланады.
Ақсуат ауылында тағы бір қаскөй ұсталды, оны Күршім ауданының ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері балық ресурстарын заңсыз аулау кезінде ұстаған. Оқиға орнынан: күрек, пешня, 100 метрлік шнур, қолғаптар, 35 кг көксерке және 69 кг «Леш» балығы тәркіленді. Жауап алу барысында ер адам рұқсат құжаттарынсыз ҚХР өндірген синтетикалық моно талшық желісіне балық аулағанын айтып, мойындау айғақтарын берген. Келтірілген залал 378 000 теңгеге бағаланды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі