
ШҚО тұрғынынан 1,6 кг марихуана тәркіленді
Жедел-іздестіру іс шараларын өткізу барысында Өскемен қ.Ертіс полиция бөлімінің полиция қызметкерлері ШҚО ПД Кинология қызметімен бірлесіп есірткі сақтады деген күдікпен облыс орталығының 42 жастағы тұрғынын ұстаған.
Ер адамның тұрғылықты жерін шұғыл тінту кезінде полицейлер бір полиэтилен пакет пен өсімдік тектес заты бар екі полимерлі пакетті тауып алған. Сонымен қатар верандада ақ жаймаға оралған ұқсас зат табылған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, қаскөйде шамамен 1,6 кг марихуана сақталған.
Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі