
Өскеменде көлік құралын басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Түнгі сағат 2.00-де облыс орталығын патрульдеу кезінде патрульдік полиция қызметкерлері Егоров көшесімен келе жатқан 39 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «ВАЗ» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Ол, куәландыру қорытындысына сәйкес, масаң күйде болған. Сондай-ақ, ер адам 2020 жылы 2027 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 1-бөлігі 346-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі