Алаяқ аукцион арқылы автокөлік сатып алуды ұсынып, Өскемен тұрғынын алдады

Алаяқ аукцион арқылы автокөлік сатып алуды ұсынып, Өскемен тұрғынын алдады

                                                                          Алаяқ аукцион арқылы автокөлік сатып алуды ұсынып, Өскемен тұрғынын алдады

Өскемен қ.ПБ Үлбі ПБ кезекші бөліміне 39 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түскен. Ол өзінің танысы 2013 жылы шығарылған «Hyundai Accent» маркалы автокөлікті аукцион арқылы сатып алу сылтауымен оның 1 325 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алдап иемденіп алғанын хабарлаған.


Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол бұрын сотталған 46 жастағы қала тұрғыны болып шыққан,ол жауап алу кезінде кінәсін мойындаған.


Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті екі жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылады.

  
                                                                                                                                  ШҚО ПД баспасөз қызметі