
Өскеменде полицейлер баланың арманын орындады
Өскемен қаласы Полиция басқармасының Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтына қала тұрғынынан хабарлама келіп түскен. Онда ол ұлының туған күнінде "жарқылдақ шамдармен" нағыз патрульдік көлікке отыру туралы ұлының армандаған тілегін орындауды өтінген.
14 жасар Қуандық бала кезінен церебральды сал ауруымен ауырады. Анасының айтуынша, ол ерте жастан бастап патрульдік қызметтің полицейі болуды армандайды.
24 қаңтар күні Қуандық өзінің туған күнінде ұмытылмас сыйлық алды, өйткені Өскемен қ.ПБ ППБ қызметкерлері жасөспірімнің арманын қуана орындауға шешім қабылдады. Полицейлер баланы қызметтік автокөлікке отырғызып, қала көшелерімен жүріп өтті, жасөспірімге жарық, дыбыстық сигналдар мен рацияның қалай қосылатынын көрсетті. Сондай-ақ, Қуандық полиция таяқшасын үлкен қызығушылықпен ұстап, жарық шағылыстыратын жейде киіп көрді.
Кездесу соңында тәртіп сақшылары туған күн иесін құттықтап, тәтті сыйлық сыйлады.
Жас армандаушы шексіз қуанды, өйткені оның туған күні ерекше және жағымды болды. Жарқын әсерлер мен көптеген ізгі тілектер ұзақ уақыт баланың есінде қалады.
Қуандықтың анасы Өскемен қ. ПБ патрульдік полиция батальонының басшылығы мен қызметкерлеріне ұлының арманын жүзеге асыруға көмектескеніне шын жүректен алғысын білдірді.
"Менің ұлыма туған күнінде керемет көңіл-күй сыйлағандарыңыз үшін рахмет", - деді ол.