ШҚО-ның 250-ден астам тұрғыны бір күнде автокөлікті заңдастыруға өтінім берді

ШҚО-ның 250-ден астам тұрғыны бір күнде автокөлікті заңдастыруға өтінім берді

                                                                            ШҚО-ның 250-ден астам тұрғыны бір күнде автокөлікті заңдастыруға өтінім берді


23 қаңтарда Қазақстанда 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөлікті заңдастыру акциясы басталды.


Акцияның бірінші күні 250-ден астам шығыс қазақстандықтар өтінім берді. Мұндай мүмкіндікті Глубокое ауданының тұрғыны Анастасия да пайдаланып, облыста алғашқылардың бірі болып өз көлігін заңдастырды.


"Мен 2022 жылы Ресей Федерациясынан әкелінген көлігімді заңдастыру үшін Өскемен қаласындағы Арнайы ХҚКО-ға жүгіндім. Таңертең е-gov.kz. сайтта өтініш бердім маған мақұлданды деген хабарлама келді. Кейін арнайы ХҚКО келдім, онда криминалистер біздің көлігімізді тексеріп, бізді үшінші кезеңге жіберді. Біз кеңесшіге барып, өтініш бердік және бір сағат ішінде оң жауап келді", - деп ШҚО тұрғыны бөлісті және осындай мүмкіндіктер бар екеніне алғысын білдірді.


Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық есепке автокөлікті ресімдеу үшін автомобиль Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс, қылмыстық есепте тұрмауы тиіс, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автомобиль кедендік тазартудан өтуі тиіс.


Егер көлік заңдастырылуға жататын болса, онда алғашқы тіркеу үшін мемлекеттік алымдарды, техпаспорт үшін және мемлекеттік нөмір үшін бажды төлеу қажет.


Заңдастыруға өтінімді электрондық үкімет е-gov.kz. порталы арқылы екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарында беруге болады.


Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

 

                                                                                                                                 ШҚО ПД баспасөз қызметі