Өскеменде күштік құрылымдар арасында қоян-қолтық күрестен турнир өтті

Өскеменде күштік құрылымдар арасында қоян-қолтық күрестен турнир өтті

                                                                         Өскеменде күштік құрылымдар арасында қоян-қолтық күрестен турнир өтті

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Біздің ата — бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» — деп бекер айтпаған.


Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы ІІМ-де қоян-қолтық күрес, самбо, дзюдо, еркін күрес және тағы да басқа спорт түрлері кеңінен таралған. Соның ішінде құқық қорғау органдарының жауынгерлік даярлығындағы қоян-қолтық күрестің маңыздылығы ерекше. Аталған сайыс нағыз ер жігіттердің бәсекесі саналады. Мұнда жекпе-жектің әдіс-тәсілдерін жақсы меңгерген мықтылар ғана жеңіс тұғырынан көріне алады. Осыған орай ағымдағы жылдың қаңтар айында ШҚО, Өскемен қаласы Жекпе-жек сарайында Қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан біріншілігіне іріктеу турнирі өтті. Жарысқа өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген 100 ден аса спортшылар қатысты. Олар 8 салмақ дәрежесі бойынша өзара сынға түсті. Дүбірлі сайыста сынға түскен спортшылар жоғарғы дайындықпен келгенін алғашқы жекпе-жектерінен-ақ көрсете білді.Тартысқа толы бәсекеде жеңістің биік тұғырынан жалпы командалық сайыста 1-ші орынға ШҚО ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері тынымсыз еңбек пен асқан шеберліктің арқысында қарсыластарын ойсырата жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Осылайша полиция капитаны Хамидуллин Бейбіт Исатайұлы 88 кг салмақ дәрежесінде 1-орынға ; полиция капитаны Жұмағалиев Нұрсұлтан Әлимұратұлы 97 кг жоғары салмақ дәрежесінде 1-орынға; полиция аға лейтенанты Тұрдыбеков Аян Аблахатұлы 80 кг салмақ дәрежесінде 1-орынға; полиция аға лейтенанты Нұралыұлы Аманжол 80 кг салмақ дәрежесінде 2- орынға; полиция аға лейтенанты Елеуханов Нұртілек Серікқанұлы 80 кг салмақ дәрежесінде 3-орынға; полиция аға лейтенанты Айтжанов Нұрасыл Талғатұлы 67 кг салмақ дәрежесінде 1-орынға ие болды.


Командалық есеппен жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздары және медальдармен марапатталды.Сайыс құқық қорғау қызметкерлерінің шеберлігін шыңдап,тәжірбие жинауларына үлкен сеп болады деген пікірдеміз. Турнирдің жеңімпаздарына алдағы үлкен сайыста жеңіс тұғырынан көріну үшін табандылық тілейміз.

                                                                                                                                   ШҚО ПД Баспасөз қызметі