
ШҚО-да полицейлер үлкен есірткі арнасының жолын кесті
Өскеменде құқық қорғау органдары Қазақстанның шығыс өңіріне жеткізудің ірі арнасын жапқаннан кейін есірткі заттарын өткізу және жөнелту мақсатында заңсыз сақтау туралы қылмыстық іс қозғады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Өскемен қаласының ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 28 келіден астам тыйым салынған заттарды тәркіледі.
6 қаңтарда қала үйлерінің бірінің ауласында тәртіп сақшылары есірткі заттарын өткізу мақсатында сақтаған деген күдікпен 39 жастағы азаматты- мемлекетаралық іздестіруде жүрген қылмыскерді ұстаған.
Тұрғылықты жеріне тінту жүргізу кезінде полицейлер спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған 790 полиэтилен конволюциясын тапқан.
Сараптама қорытындысына сәйкес күдікті өз пәтерінде 28 килограмнан астам (28 299гр.) кептірілген марихуананы сақтағаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жалғасуда.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ер адамды мүлкін тәркілей отырып он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
ШҚО ПД баспасөз қызметі