Полиция Шығыс Қазақстан тұрғындарына үйде құжаттарды ресімдеуге көмектесуде

Полиция Шығыс Қазақстан тұрғындарына үйде құжаттарды ресімдеуге көмектесуде

                                                                                    Полиция Шығыс Қазақстан тұрғындарына үйде құжаттарды ресімдеуге көмектесуде


Қандай жағдайларда жеке басын куәландыратын құжаттар тұрғылықты жеріне барып ресімделуі мүмкін?


Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті тұрғылықты жеріне барып, жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.


Әдетте, бұл жағдайда паспорт немесе жеке куәлік жүріп,тұруға қабілетсіз адамдарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге және азаматтардың басқа да жеңілдікті санаттарына үйде беріледі.


ШҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері 2022 жылы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына 1200-ден астам үйге, оның ішінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратындарға баруды ұйымдастырды.


Тұрғылықты жеріне барып жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу бойынша өтінім беру үшін 1414 - Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет.

                                                                                                                                 ШҚО ПД Баспасөз қызметі