Өскемендік зейнеткердің шотынан зейнетақысы ұрланған

Өскемендік зейнеткердің шотынан зейнетақысы ұрланған

                                                                                    Өскемендік зейнеткердің шотынан зейнетақысы ұрланған

69 жастағы зейнеткер Ертіс полиция бөліміне алаяқтық туралы арызбен жүгінген.


Ол тәртіп сақшыларына бейтаныс жігіт несие рәсімдеуге көмектесемін деген желеумен оның ұялы телефоны арқылы микрокредиттік ұйымнан онлайн несие рәсімдеп, жас жігіт жәбірленушінің жеке шотынан оның зейнетақысын өз шотына аударып алғанын айтқан. Жалпы залал шамамен 91 000 теңгені құраған.


Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ертіс полиция бөлімі КПб қызметкерлері күдіктіні ұстаған, ол 20 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Ол ақшаны жеке қажеттілігіне жұмсағанын айтып, өзінің кінәсін толық мойындаған.


Аталған факті бойынша ҚР КҚ-нің 190-бабы 1-бөлігімен"Алаяқтық"бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаскөйді екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

 

                                                                                                                                     ШҚО ПД Баспасөз қызметі