
Алаяқ ШҚО-ның екі тұрғынына жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде берген
Аталған факті ҚР ҚК –нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелген. Тергеу іс-шаралары жалғасуда.
Өскемен қ.ПБ Үлбі полиция бөліміне 22 және 44 жастағы Шемонаиха ауданының екі тұрғыны өтінішпен жүгінген. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс адам жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде беріп, оларды алдап кеткен.
Ер адам құжаттарды ресімдеп беремін деп олардың бірінен 155 000 теңге, ал екіншісінен дәл солай 590 000 теңге сомасын алып үлгерген.Оның берген уәдесін күтпей, аудан тұрғындары полицияға жүгінген. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні ұстаған. Ол 35 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны болып шыққан.
Қаскөйге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, онда ол екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасына кесілетін болады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі