
Шығыс Қазақстан тұрғыны боранда жоғалып кетіп 16 сағатты далада өткізген
Шемонаиха ауданының полицейлері боран кезінде жоғалып кеткен ер адамды Усть-Таловка ауылының маңынан тапқан.
5 қаңтарда сағат 15:10-да Шемонаиха АПБ жедел арнасына аудан тұрғынынан хабарлама келіп түскен, ол 2023 жылғы 5 қаңтарда таңғы сағат 04:00 шамасында оның 37 жастағы туысы көрші Заречное ауылында орналасқан Усть-Таловка ауылынан үйіне кетіп қалғанын хабарлаған. Алайда, 9 сағат бойы ер адамның жүрген жері белгісіз болған. Ол тек туыстарына қоңырау шалып, боранның салдарынан адасып кеткенін және осы уақыт ішінде столбтың жанында айналып жүргенін және одан басқа ештеңе көрмейтінін және телефонның қуаты таусылатынын хабарлаған.
Аталған факті белгіленген тәртіпте тіркелген. Іздеу жұмыстарына Шемонаиха АПБ барлық жеке құрамы, құтқарушылар, аудан әкімдігінің қызметкерлері, жеке қарда жүретін көлігі бар Усть-Таловка ауылының тұрғыны Евгений Павлов тартылған.
Бес сағаттық бірлескен жұмыстан кейін сағат 20:00-де Шемонаиха ауданы ПБ ӘПБ жол және техникалық инспекциясы тобының аға мемлекеттік автоинспекторы полиция майоры Нағұманов Айбек Қабдолұлы мен Евгений Павлов жергілікті жерді жақсы білгендіктен, Усть-Таловка кентінен 1,5 шақырым жерде далада қалып қойған ер адамды аман-есен тауып алған.
Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұржан Түгелов атқарылған жұмыстары үшін полиция майоры Нағұманов Айбек пен Павлов Евгенийге алғыс білдіріп, грамотамен марапаттады.
ШҚО ПД осындай ауа-райы жағдайында ТЖД-дан ескерту болған кезде абай болып және елді мекендерден кетпеу қажет екенін естеріңізге салады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі