
Жүргізуші куәлігінсіз жүрген Ұлан ауданының тұрғынына бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтілуде
ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде 38 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен "Hyundai" автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші көлік құралын масаң күйде басқарды деп күдіктелуде, алайда ер адам медициналық куәландырудан бас тартқан.
Қасқөйдің өткен жылы сот шешімі бойынша 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Кінәсін мойындаған жағдайда күдіктіге бес жылға дейінгі мерзімге шектеу не бас бостандығынан айыру жазасы күтілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі