ШҚО тәртіп сақшылары жаңа жылдық шыршаны полиция қызметкерлерінің балаларына арнап ұйымдастырды

ШҚО тәртіп сақшылары жаңа жылдық шыршаны полиция қызметкерлерінің балаларына арнап ұйымдастырды

                                                                            ШҚО тәртіп сақшылары жаңа жылдық шыршаны полиция қызметкерлерінің балаларына арнап ұйымдастырды


Сиқырлы мереке қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер органдары қызметкерлерінің балаларына арналған дәстүрлі жаңа жылдық шырша өтті, оны Полиция департаменті ардагерлер кеңесінің қолдауымен ШҚО ПД кадр саясаты басқармасы ұйымдастырды.
150-ден астам бала қатысушыларды киімдерімен таң қалдырды. Кішкентай ханшайымдар, Хагги Ваги, супер қаһармандар, Аяз Ата, ақшақарлар, ертегі перілері, қоян, ковбой және басқалары би билеп, көңіл көтерді.


Мереке "Юбилейный" кинотеатрында өтті. Айта кету керек, шырша мерекесі заманауи технологияларды қолдана отырып, музыкалық-интерактивті шоу-спектакль форматында өтті. Полиция бірде-бір қонақты әсерсіз қалдырмай, жарқын бай бағдарламамен, ертегі кейіпкерлерімен, музыкалық нөмірлермен, ойындармен концерт ұйымдастырды.


Жаңа жылдық мерекенің басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақар балаларға тек жағымды эмоциялар сыйлады. Балалар қуанышпен жарқыраған көздерімен спектакльді тамашалады.


Мереке соңында мерекенің басты кінәлілерін Аяз ата немересі Ақшақармен келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, балалар мен олардың ата-аналарына зор денсаулық, барлық тілектердің орындалуын және жаңа белестерге жетуді тіледі.


Ойын-сауық бағдарламасынан кейін ең әдемі костюмдермен келген балаларды сыйлықтармен қуантты.


Жаңа 2023 жылды мерекелеу мультфильм көрумен аяқталды.

 

                                                                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі