
ШҚО-да шыршалар полицияның қорғауында
Шығыс Қазақстан аумағында 15-31 желтоқсан аралығында Полиция департаменті орман қорғау органдарымен бірлесіп, жаңа жыл қарсаңында ағаштардың қылқан жапырақты ағаштарын заңсыз кесу, дайындау, тасымалдау және сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған іс-шараларды өткізу бойынша жұмыс ұйымдастырды.
Полиция, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекцияларының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатарынан 28 мобильді топ құрылды.
Аңшылық шаруашылықтарына, алқаптарға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға шығу жолдарында кіреберістерінде бекеттер қойылды, сондай-ақ базарларда және басқа жерлерде шыршаларды тасымалдау мен өткізудің заңдылығы тұрғысынан бақылау күшейтілді.
12 күн ішінде ШҚО құқықтық тәртіп сақшылары өсімдіктер әлемі саласында 9 құқық бұзушылықты анықтады. Олардың ішінде ағаштарды заңсыз кескені үшін 1 әкімшілік құқық бұзушылық (ҚР ӘҚБтК-нің 381 – 1 – бабы) 3-жасыл желектерді бүлдіргені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы) және 5 белгіленбеген жерде шырша бұтақтарын сатқаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы).
Шығыс Қазақстан аумағында акция 30 желтоқсанға дейін жалғасатынын естеріңізге саламыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі