
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов Риддер қаласының тұрғындарымен кездесті
22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аталықов Аслан кеншілер қаласының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
Іс-шараға сондай-ақ ШҚО ПД бастығының орынбасары Ербол Бекпаев пен Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой қатысты.
Төрағамен кездесуге жағдайға қала тұрғындары белсене қатысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, төрағаға шағымдар мен ұсыныстарын білдірді.
Аслан Аталықов кездесуге қатысушыларды елдегі жалпы криминогендік жағдайдың жай-күйі және ағымдағы жылы ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысының нәтижелері туралы хабардар етті. Төраға есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрестің нәтижелеріне ерекше назар аударып, сонымен қатар алаяқтықтың алдын алу, ауыр қылмыстарды азайту және елдегі көші-қон ахуалына тиісті бақылауды жүзеге асыру туралы айтты.
"Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы ауқымды реформаларды бастады. Оның басты міндеті - Жаңа әділ Қазақстан құру.Қазір халықтың сұранысы мен биліктің ықылас ниеті сәйкес келетін кезең. Сондықтан мемлекеттік басқару моделі мен қоғамдық даму бағыты өзгеруде. Жаңа саяси мәдениет қалыптасуда. Мемлекет пен қоғам арасындағы ашық және тығыз қарым-қатынас моделі қалыптасуда.Ішкі істер министрлігі өз кезегінде:
- қоғамдық тәртіпті сақтау,
- құқық бұзушылықтың алдын алу,
- қылмысқа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдауда.
Өздеріңіз білетіндей, біздің министрлік - елдегі ең ірі және көпфункционалды мемлекеттік орган болып табылады.
Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік ауқымды және терең сапалы өзгерістерді бастады.
Негізгі мақсат-халықтың сенімін арттыру, бюрократиядан арылу, адамның қажеттіліктеріне бағытталған жұмыс үлгісіне көшу. Бұл бағытта жұмыс процестерін автоматтандыру, цифрландыру және оңтайландыру бойынша шаралар қабылдануда. Негізгі назар бұзушылықтардың салдарымен күресуге емес, олардың алдын алуға бағытталған.
Сервистік модель аясында полиция жаңа форматқа көшуде.
Біз қызметтің барлық салаларында аналитиканы қолдана отырып, "мәселелерді шешуге бағытталған" тәсілді енгіземіз.
Біздің басты міндетіміз-жаңа Қазақстанның талаптарына жауап беретін ашық, кәсіби және құзыретті Қазақстан полициясын құру", - деді Аслан Аталықов.
Риддер қаласы тұрғындарының басым бөлігі шетелдік азаматтарды уақытша тіркеу және жол қауіпсіздігі мәселелеріне қызығушылық танытты. Ал жеке проблемалық мәселелерімен келгендердің Төраға әрқайсысын тыңдап, оларды жеке қабылдады.
Сол күні Аслан Базарбайұлы кейбір Риддер тұрғындарының үйлеріне барып, оларға құжаттарын табыс етті.
Солардың бірі, Мавра Резникова. Әже - "еңбек ардагері", биыл ол 92 жасқа толды. Өкінішке орай, соңғы жылдары ол өздігінен қозғала алмайды. Аслан Базарбайұлы Мавра Резниковаға құжатының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты жеке жаңа куәлік тапсырды. Еңбек ардагері зор алғысын білдіріп, амандық және жұмыста табыс тіледі.
Сапар соңында ҚР ІІМ төрағасының м.а. Аслан Аталықов Риддер қаласы полиция бөлімінің акт залында жеке құраммен жұмыс кеңесін өткізді. Өткізілген кеңес аясында Риддер бойынша жедел ахуалдың ағымдағы мәселелері қаралды. Сондай-ақ жеке кұрам назарына Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының тезистері жеткізілді.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі