
Жүк көлігінің иесі 4 миллион теңгеге алданған
Өскемен қ. ПБ Солжағалау полиция бөлімінің кезекші бөліміне алаяқтың қолынан зардап шеккен 43 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түскен. Ер адам үй ауласында танысы жүк көліктерін жөндеу қызметін ұсынғанын, жұмысы үшін 4 000 000 теңге талап еткенін, алайда біраз уақыттан кейін жәбірленуші ақшасыз және көліктері жөндеусіз қалғанын айтқан.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер күдіктінің кім екенін анықтаған. Ол 39 жастағы Өскемен қалаының тұрғыны болып шыққан, жауап алу барысында ол өз кінәсін мойындаған. Алайда қолма-қол ақшаны қайтарып алу мүмкін болмады.
Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі