Өскемен полицейлері жоғалған 5 жастағы баланы тапты

Өскемен полицейлері жоғалған 5 жастағы  баланы тапты

                                                                    Өскемен полицейлері жоғалған 5 жастағы баланы тапты


Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында сағат 17:13-те "102" жедел арнасына 26 жастағы жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті, ол 5 жасар ұлын іздеуге көмек сұраған. Әйелдің айтуынша бала көліктен шығып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.


Хабарламаны алғаннан кейін полиция қызметкерлері жоғалған баланы іздеуге дереу кірісті.


Кәмелетке толмаған баланы дабыл бойынша іздеу мақсатында Өскемен қ. ПБ барлық жеке құрамы көтерілді. Тәртіп сақшылары ол туралы қандай да бір ақпарат білетін таныстары мен куәгерлерден сұрау жүргізді, іргелес аумақтар:аулалар, саябақтар, жастар жиналатын орындар, дәмханалар мұқият тексерілді, қаланың барлық көшелеріндегі бейнебақылау камераларының жазбасын қарау ұйымдастырылды. 15 минуттан кейін Боран-1 патрульдік экипажының қызметкерлері аға лейтенанттар Ауғанбаев Дамир мен Дәулетханов Жасұлан М. Горький көшесінде орналасқан университеттің маңынан жоғалған баланы тапты.

Полицейлер табылған баланы аман-есен анасына тапсырды",-деп мәлімдеді Өскемен қаласы ПБ бастығы полиция полковнигі Андрей Мула.

Табылған баланың анасы Өскемен қ. ПБ қызметкерлеріне және іздестіруге қатысқан барлық азаматтарға көрсеткен көмегі үшін улкен алғысын білдірді.


ШҚО ПД Баспасөз қызметі