
Жүргізуші куәлік алудағы сәтсіз әрекет
Шығыс Қазақстан облыстық орталығының тұрғыны жүргізуші куәлігін "сатып алуға" әрекеттеніп, алаяқтың құрбаны болған.
24 жастағы Өскемен тұрғыны Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөлімінің " 102 " арнасына өтініш білдірген. Оның айтуынша, бейтаныс адам емтихан тапсырусыз автокөлікті басқаруға құжатты тез алуға көмек ұсынған. Ықтимал көмекшінің жұмысы үшін жәбірленуші оған 700 000 теңге төлеген. Осыдан кейін алаяқ байланысқа шығуды тоқтатқан.
Криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған, ол кінәсін мойындаған.
Қаскүнемге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті азаматтарға жүргізуші куәлігін алу үшін арнайы ХҚКО-да тиісті емтихан тапсыру қажет екендігін ескертеді. Куәлікті тек уәкілетті орган береді, яғни жүргізуші куәлігін басқа көзден алу заңсыз болып табылады.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі