Шығыс Қазақстан тұрғыны бірге тұратын ер адамына жасырын несие ресімдеген

Шығыс Қазақстан тұрғыны бірге тұратын ер адамына жасырын несие ресімдеген

                                                                            Шығыс Қазақстан тұрғыны бірге тұратын ер адамына жасырын несие ресімдеген

Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 43 жастағы ауыл тұрғыны жүгінген. Ер адам белгісіз адам оның атына 2 800 000 теңгеден астам сомаға несие ресімдегенін хабарлаған.


Өтінішті қабылдағаннан кейін тәртіп сақшылары іске кіріскен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстаған. Өтініш берушінің бірге тұратын әйел адамның қылмысқа қатысы бар екені анықталды, кейіннен ол кінәсін мойындады. Қаскөй ер адамның телефонынан мобильді банктік қосымшасы арқылы несие ресімдегені белгілі болған.


Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

ШҚО ПД Баспасөз қызметі