Жастар-есірткіге қарсы

Жастар-есірткіге қарсы

                                                                            Жастар-есірткіге қарсы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандықтарға жаңа жылдық үндеуінде 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. Президент өскелең ұрпақтың әл – ауқаты-мемлекетіміздің болашағының сенімді кепілі екенін атап өтті. Үйлесімді даму және бақытты балалық шақ – біздің жалпы ұлттық міндетіміз.


Өскемен қаласының 15 мектебінде балалар жылын іске асыру аясында Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп "Жастар-есірткіге қарсы" ұранымен "Екі жұлдыз"таланттар фестивалі өткізілді.


Байқауға ән айтып, би билейтін мұғалімдерден, оқушылардан және олардың ата-аналарынан құралған дуэттер қатысты.


Позитивті және шығармашылық көңіл-күй сыйлау үшін әрі қатысушыларды жігерлендіру мақсатында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі Дамир Талғатұлы Жақыпов сөз сөйлеп, барша өнерпаздарға сәттілік тіледі.


Көрсетілген қойылымдар,қатысушылардың шеберліктері көрермендердің көңілінен шыққанын,халықтың ырза болғандығы олардың ерекше қошеметінен байқалып тұрды.


Полиция қызметкерлері таланттар фестивалінің соңында ерекшеленген дуэттерді ШҚО Полиция департаментінің грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.


Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Басқармасы №15 Мектепке және конкурсқа қатысушылардың барлығына әсерлі және шығармашылық қойылымына үлкен алғыс білдіреді!

ШҚО ПД Баспасөз қызметі