
Өскеменде дүкен қызметкерлері 19 миллион теңгені жымқырған
Полицейлер төрт маманды сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқырған деп күдіктенеді.
Өскемен қ. ПБ Ертіс полиция бөлімінің «102» жедел арнасына ЖШС өңірлік басқарушысы жүгінген. Өтініш берушінің ақпараты бойынша ағымдағы жылдың шілдесінен қарашасы аралығында Өскемен қаласының сауда-ойын-сауық орталықтары бірінде дүкен қызметкерлері шамамен 19 000 000 теңге сомаға мүлікті жымқырған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары төрт күдіктіні анықтап, ұстаған. Олардың барлығы 20 мен 21 жас аралығындағы университет студенттері болып табылған.
Қазіргі уақытта аудиторлық тексеру жүргізілуде.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Кінәні мойындаған жағдайда күдіктілер жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі