
Глубокое ауданының тұрғыны 400 кг заңсыз ауланған балықты алып жүрген
"Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында "Өскемен – Шемонаиха" тас жолының 60 шақырымында Глубокое ауданының 40 жастағы тұрғынының басқаруындағы "ВАЗ" автокөлігі тоқтатылды. Ер адам көлікте тиісті құжаттарсыз шамамен 400 кг табан балықты тасымалдаған.
Қаскөй полиция бөліміне жеткізіліп, жауап алу кезінде Убинка ауылының Шүлбі су қоймасының жағасында балық аулағанын айтып, кінәсін мойындаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ер адамға үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтілуде.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі