ШҚО Полиция департаменті мен Қазақстан-Америка еркін университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ШҚО Полиция департаменті мен Қазақстан-Америка еркін университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

                                                                      ШҚО Полиция департаменті мен Қазақстан-Америка еркін университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды


9 желтоқсанда ҚАЕУ университетінің президенті Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы және ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бердімұратов Медет Тасырханұлы құқық саласында тәжірибе және өзекті ақпарат алмасуға, оқу процесін жетілдіруге және әлеуметтік пайдалы мақсаттарға бағытталған тараптар бірлескен қызметінің басым бағыттарын көрсететін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Құжатқа қол қою "ҚАЕУ" университетінің студенттерімен кездесу барысында өтті, іс-шараға студенттер қатысты.


Меморандумға сәйкес тараптар өзара қызығушылық танытатын ғылым және білім беру саласында ынтымақтастық жасауға, бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыруға, жобаларды іске асыруға, білім алушылардың таңдаған мамандық бағыты бойынша ішкі істер органдарында, оның ішінде тергеу бөлімшелерінде еңбек қызметіне құлшынысын арттыру мақсатында кәсіптік бағдарлау жүйесін дамытуға ниетті.


ШҚО ПД бастығының орынбасары Медет Тасырханұлы полицияға жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист, учаскелік инспектор және т. б. лауазымдарда қызмет ету үшін адал, білімді, мықты, епті, батыл және төзімді мамандар қажет екенін айтты.


"Ішкі істер органдарында қызмет атқаруға ниет білдірген кандидаттар Шәкәрім даңғылы 1 мекенжайындағы ШҚО ПД Кадр саясаты басқармасына жүгінуі қажет", - деп толықтырды кадр саясатының бастығы Ерхат Шалқыбаев.


ШҚО Полиция департаментінің студенттерге тәжірибе базасын ұсынуға, кездесулер, дәрістер сияқты бірлескен іс-шаралар өткізуге мүмкіндігі бар
- "ШҚО ПД-да криминалистикалық полигон мен оқу-жаттығу орталығы бар, онда студенттерді нақты жағдайға барынша жақын жағдайда оқытуға болады. Теория мен практиканы біріктіру негізінде біз өз ісінің шебер мамандарын алғымыз келеді", - деп атап өтті полиция полковнигі Медет Бердімұратов.


Меморандум ұзақ мерзімге жасалды.

ШҚО ПД Баспасөз қызметі