Өскемен тұрғыны өзімен бірге есірткі заты бар жолаушыны алып жүрген

Өскемен тұрғыны өзімен бірге есірткі заты бар жолаушыны алып жүрген

                                                                  Өскемен тұрғыны өзімен бірге есірткі заты бар жолаушыны алып жүрген

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ШҚО ПД КҚО, Үлбі ПБ криминалдық полициясымен және ҚР ҰҰ бірлесіп, көлік құралын басқарған облыс орталығының 31 жастағы тұрғынын тоқтатқан.Сонымен қатар автокөліктің салонында тәртіп сақшылары ұстаған 19 жастағы бойжеткен болған.


Жас қыздың интернет-дүкеннің курьері болып жұмыс істейтіні белгілі болған. Полицейлер ұсталған адамнан спецификалық иісті ақ түсті заты бар 45 ораманы тауып, тәркілеген. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 35,6 грамм болатын "Альфа-pvp" психотроптық заты болып табылады.

Бойжеткен кінәсін мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Аталған бап үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

ШҚО ПД баспасөз қызметі