
Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданында мас болып көлікке отырған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сараптама жұмыстары 23 жастағы жігіттің көлік тізгініне “орташа мас күйде” отырғанын растады.
2 наурыз күні кешкісін Жезкент кентінде учаскелік инспектордың патрульдік жұмысы кезінде “ВАЗ-21063” көлігі тоқтатылған. Жол сақшысы жүргізушіден алкогольдің иісін сезеді. Құжаттарын тексергенде өзімен бірге көлік жүргізуші куәлігі де болмай шығады.
Аудан тұрғыны бұған дейін де көлікті мас күйде басқарғаны үшін ұсталған. Былтыр маусым айында аудандық сот 3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырған.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Енді Бородулиха ауданының тұрғыным 5 мың айлық есептік көрсеткішке тең айыппұл төлейді немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында:
https://polisia.kz/mas-zhurgizushi-qamaugha-alyndy/