Өскемен қаласының тұрғыны өз таныстарын 2,2 млн теңгеге алдаған

 Өскемен қаласының тұрғыны өз таныстарын 2,2 млн теңгеге алдаған

                                                                             Өскемен қаласының тұрғыны өз таныстарын 2,2 млн теңгеге алдаған


Өскемен қ. ПБ Ертіс ПБ-нің кезекші бөліміне алаяқтықтан зардап шеккен үш әйелден өтініш келіп түскен. Кейін олардың барлығы бір авантюристің қармағына түсіп қалғандары белгілі болған.


Жәбірленушілер танысының оларды қомақты қаражатқа алдап кеткенін айтқан. Қаскөй біреуіне несие алуға көмектесуге уәде берген, ал қалғандарына пәтер сатып алуға көмек ұсынған. Жалпы шығын шамамен 2 200 000 теңгені құраған.


Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полицейлер 53 жастағы күдіктіні анықтаған, көп ұзамай оны полиция бөліміне жеткізген, жауап алу кезінде ол кінәсін мойындаған.


Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ШҚО ПД баспасөз қызметі